11 Сәу 2022
Страницы KZ Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебі

Мектеп туралы

  1. Білім ордасының қабырғасы Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы Жұрын совхозында (бұрынғы)1969 жылы қаланып, Жданов атындағы орта мектеп болып ашылады. 1989 жылы «Құмжарған орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, 2018 жылдан бастап «Құмжарған ЖББОМ» КММ болып аталады.

Сонау, 1969 жылы іргетасы қаланған біздің мектебіміз бүгінде 52 жасқа толып отыр. Осынау жарты ғасырға жуық ғұмырында 53 рет алғашқы қоңырауы мен 52 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиемен, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі- хакім, бірі- ғұлама болған шәкірт­тер қаншама! Осындай шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпейтініне сенімдіміз.

2019 жылы, қараша айында мектебіміздің 50 жылдық мерей тойы облыс көлемінде аталып өтілді. Мектеп басшысы Утеулин Бекнұр Таңатарұлы және ұжымның бастамасымен «Өнегелі білім берген 50 жыл» атты жарты ғасыр мектеп тарихын жырлайтын еңбек жарық көрді. Осы 50- жылдық мерейтой аясында басшымыз Бекнұр Таңатарұлының тынымсыз еңбегінің арқасында алты бірдей кабинет оқушылардың игілігіне пайдалануға берілді. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп қазақ бабамыз тегін айтпаса керек. Мектептің өсіп-өркендеу жолында өлшеусіз еңбегі сіңген тұлғалардың атына ұрпақтары кабинеттерді заман талабына сай жабдықтады. Бұл шәкіртттерге қолайлы жағдай жасау мен қатар үлкен өнеге болды. Өрелі тұлғалардың өнегелі ұрпағының білім ордасына жасаған игі істері көпке үлгі, ел патриотын қалыптастыруға зор үлес қосты.

 

  1. Жас ұрпақтың жаңа заманға сай  өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында білім беру саласында білім берудің жаңа мазмұны LS тізбектелген зерттеу сабақтары мектебімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылуда. 6 топқа бөлінген ұстаздарға жетекшілер тағайындалып, қарқынды жұмыстануда.

 

2022 жылдың ақпан айында мектебіміздің тыныс-тіршілігін насихаттау мен оқушылардың шығармашылықтары, жетістіктерін елге таныстыру мақсатында «Мектеп тынысы» атты мектебіміздің газеті жарық көрді.  Газетте өзін-өзі басқару ұйымы мен  «Жас Ұлан» балалар ұйымының жетістіктері жарияланды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар