27 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп

30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Сондай жандардың бірі-Канапина Құрманай Сабырқызы шағын кәсіпкерлікпен айналысса да жүрегі махаббатқа толы, жақсылық жасап адамдарды қуантуға асығатын тұлға. Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына сәйкес келген дәстүрлі «Мектепке жол» акциясында 8 оқушыны қамтитын киім –кешекпен мектебімізге демеушілік жасады. Осындай қолы ашық, жүрегі жомарт жанға Құмжарған ЖББОМ атынан және ата-аналар атынан алғыс білдіре отырып, отбасына амандық, деніне саулық, толағай табыс тілейміз!
Қашанда жақсылық жасаудан шаршамаңыз!
«Жақсының соңынан көп ереді» демекші Құрманай Сабырқызы сынды азаматшаның жасаған жақсылығын жалғастыруға асығыңыздар!
#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bilim_basqarmasy_aqtobe

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар