30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс –шаралар жоспарына сәйкес дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына ауылымыздың «Құмжарған» ЖШС әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Берілген қаржыға оқушылардың қажеттілігіне қарай керек заттар алынып, табысталды.
Мектеппен үнемі тығыз байланыста болып, қашанда мектептің жанашыры болып жүрген Рүстембек Бәйтүгелұлы мен Берік Аманжолұлына мектеп ұжымы мен ата-аналары атынан алғыс білдіреміз.
#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bilim_basqarmasy_aqtobe


