17 Маус 2022
Жаңалықтар

«30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС»

«30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС».

ҚР-ң Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттың рухани жаңғыруы туралы үндеуі көптеген игі істерге негіз болып отыр. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы жарияланғаннан тарлан тарихымыз бен асыл мұраларымыз жаңғырып, еліміз даму жолында көш бастап, кемел келешекке бағыт алғандай. Құмжарған ЖББО мектебінде майдангер-ұстаз Сағидулла Абдуллаұлының атына кабинет ашылып, жоба аясындағы айтулы іс-шара болып өтті. Мектептегі пән кабинетінің ашылу шарасына аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ. Нурсултанова қатысып, «Туған жер» бағдарламасына үлес қосып, оқушылардың сапалы білім алуларына ат салысып отырған мектеп ұжымына, ұстаздың ұрпақтарына рахмет айтты. Мектеп ұжымының еңбектеріне табыс, ұстаздар қауымына шығармашылық жетістіктер тіледі.

Ерге жүк, елге сын болған заманда ұстаз деген ұлы есімді арқалаған жанның ең жоғарғы алғыс пен марапатқа лайық екені рас.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар