17 Маус 2022
Жаңалықтар

«Кел, балалар, оқылық!»

01.09.2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  және Ыбырай Алтынсариннің туғанына  180  жыл толуына орай мектебімізде  1-сынып оқушылары үшін «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны ұйымдастырылды.  Салтанатты жиынға АББ әдіскері Г. Мұратбекқызы мен 1-сынып ата-аналар комитетінің төрайымы қатысты. 2021-2022 оқу жылы өз ерекшеліктерімен, жағымды жаңалықтарымен қуантып жатыр. «Әліппе» оқулығының қайта оралуы Қазақстан халықы үшін қуанышты жаңалық болса, бүлдіршіндер үшін оқулықтың салтанатты жиында табысталуы үлкен сый болды. Гүлия Мұратбекқызы ұстаздарды  облыстық, аудандық марапаттармен  және бағалы сыйлықтармен  марапаттады.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар