04 Тамыз 2022
Жаңалықтар

"Мерейлі мектебіме 50жыл" Спорттық шара



Құмжарған ЖББОМ-нің мерейтойына арналған " Мерейлі мектебіме 50 жыл" атты тақырыпта кіші футболдан аймақтық турнир ҚазОЙЛ ЖШС компаниясының спорт алаңында өтті. Турнирдің ашылу салтанатында мемлекеттік гимн орындалып, мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды.
Турнир қорытындысы бойынша ҚазОЙЛ компаниясының командасы І орын және 20000 ақшалай сыйлық, Ембі құрама командасы ІІ орынды және 10000 ақшалай сыйлық, Жағабұлақ ауылдық округінің құрама командасы ІІІ орынды және 5000 ақшалай сыйлық иеленсе, үздік ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Ауылымыздың мәдениетін көтеру, мектебіміздің мерейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирдің өткізілуіне қолдау көрсеткен АББ басшысының у.м.а. Е .Бұхарбаевқа, аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы Е.Шымқаевқа, ҚазОЙЛ ЖШС компаниясының директоры Ізмұханбет Ринат Нұрқожаұлына, ҚазОЙЛ компаниясының ЦИТС бөлімшесінің басшысы Аязбаев Ербол Маратұлына, қаржылай көмек көрсеткен Бірлік ауылының азаматтарына Құмжарған ЖББОМ ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
@mugalzhar_bilim_bolimi @mugaljar_aydanynyn_akimdigi

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар