04 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Физика кабинеті ашылды.



Халық ағарту ісінің озық қызметкері,"Құрмет белгісі" ордені иегері, "Қазақстанның еңбек ардагері" медалімен марапатталған Баксикова Қымбат апай және оның отбасы мүшелері "Туған жерге тағзым" мемлекеттік бағдарламасы аясында өзінің жылдар бойы еңбек еткен алтын ұя мектебіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасап мектебіміздің физика кабинетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи техникамен жабдықтап, оқушылардың білім алуына қолайлы орта жасап берді. Апайға және балаларына ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қауымы дән риза болып, Үлкен Алғыс білдіреді.
@mugalzhar_bilim_bolimi @mugaljar_aydanynyn_akimdigi

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар