04 Тамыз 2022
Жаңалықтар

"Туған жерге тағзым" республикалық акция аясында туған мекенге қамқоршылық көрсетуден елжанды жомарт ағалар аянып қалмады

"Туған жерге тағзым" республикалық акция аясында туған мекенге қамқоршылық көрсетуден елжанды жомарт ағалар аянып қалмады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" дегендей ұзақ жылдар бойы осы білім ордасында қызмет еткен білімі терең,тұлғасы кесек ұстаз-әке Шурин Сағитжан Дәулетмұратұлының атына кабинет ашылды. Өр тұлғаның ұрпағы адал еңбегімен елге танылған сөзге сараң, іске жомарт, жаны жайсаң аға Шурин Мержан Сағитжанұлы биология кабинетін жөндеуден өткізіп, толық жабдықтап берді. Ата-аналар қауымы, оқушылар, ұстаздар Мержан ағаның мәрттігіне дән риза. Сізге мың алғыс!!!
Әрқашан табысты болғайсыз!!!@mugalzhar_bilim_bolimi @mugaljar_aydanynyn_akimdigi

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар