04 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Өнегелі білім берген 50 жыл

Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына қарсаңында "Өнегелі білім берген 50 жыл" тақырыбымен 100 кітап жарық көріп, арнайы шақырылған қонақтарға табысталды. Бұл кітапта 1969-2019 жылдар аралығында мектепті басқарған басшылар, адал еңбек етіп, тер төгіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыз, Алтын белгі иегерлері, әр салада еңбек етіп жүрген мектеп түлектерінің еңбек жолдарынан сыр шертеді. Тарихы жарты ғасырды жырлайтын, тамырын тереңге жайған Құмжарған ЖББО мектебінде ұстаздықтың ұлы жолында қызмет еткен ұстаздардың есімдерін қайта жаңғыртып, ұрпақ жадында сақтауға ниет еткен кітап жинақтаушылар түрлі биіктерде қызмет жасап жүрген үлгілі де­ өнегелі азаматтардың өмір жо­лын да қамтыды. Бір сөзбен айтқан­да, ұстаздар қауымы туралы жинақтан алар тағылым, мәлімет аз емес.
Мәліметті жинақтаған мектеп ұстаздары: Б.І.Сарсенбаева, А.Т.Наурызғалиева, Н.К.Кабидуллина, К.Е.Кожанова.
"Өткенді білмей,келешек өркендемейді" деген қағидамен бірнеше ай тынымсыз мәлімет жинаған ұстаздарға ұжым атынан Алғыс білдіреміз,шығармашылық шабыт тілейміз.
Кітаптың басылып шығуына қаржылай көмек көрсеткен Құмжарған ЖББОМ-нің ұжымы, 1974-1978 ж.ж. директорлық қызмет атқарған Өмірбай Мырзабеков ағайымыздың балалары, мектебіміздің 1958 ж.түлегі Балихан Жоламановқа, мектебіміздің 1994 ж.түлегі М.М.Сұлтановқа шексіз алғыс білдіреміз.
@mugalzhar_bilim_bolimi @mugaljar_aydanynyn_akimdigi

 
Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар