11 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебінің 50 жылдық мерекесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес алты бірдей кабинет оқушылардың игілігіне пайдалануға берілді

Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебінің 50 жылдық мерекесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес алты бірдей кабинет оқушылардың игілігіне пайдалануға берілді.
М.Мамытов атындағы тілдер кабинеті, С.Дәулеталин атындағы тарих кабинеті, Қ Баксикова атындағы физика кабинеті, С.Шурин атындағы биология кабинеті,
Ғ. Сәлменова атындағы бастауыш сынып кабинеті және Б.Берестинова атындағы мектеп алды даярлық тобы кабинеті.
"Адам ұрпағымен мың жасайды" деп қазақ бабамыз тегін айтпаса керек-ті. Мектептің өсу өркендеу жолында өлшеусіз еңбегі сіңген тұлғалардың атына ұрпақтары кабинеттерді заман талабына сай жабдықтады. Бұл шәкірттерге қолайлы жағдай жасаумен қатар үлкен өнеге болды. Өрелі тұлғалардың өнегелі ұрпағының білім ордасына жасаған игі ісі көпке үлгі болып, ел патриотын қалыптастыруға зор үлес қосты.
Игі іс-әрекетке мұрындық болған азаматтар мен азаматшаларға Алғысымыз шексіз!!! @mugalzhar_bilim_bolimi @mugaljar_aydanynyn_akimdigi

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар