27 Тамыз 2022
Жаңалықтар

30 Қайырымды іс

30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС.
Әке - ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбекқорлығының бала тәрбиесіне ықпалы көп.
Мектебіміздің қамқор, өнегелі әкелер кеңесі мектеп алаңын абаттандыру және көгалдандыру жұмысының бастамшысы болды. Бала үшін жанын беруге дайын әкелер қаражат жинап, қажетті құралдарды алып келіп, өз қолдарымен гүл орналасатын тұғырлар дайындап берді.
Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен дайындалған гүлзарға Құмжарған ЖББОМ-нің ұжымы гүл мен гүл отырғызатын ыдысты қамтамасыз етті.
Мектеп алаңындағы гүлзардың ашылуына үлес қосқан барлық әкелеріміз бен әріптестерімізге алғыс айтамыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына үлесін қосатын болашақ балаларымызға жақсылық жааудан шаршамайық!
#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе
@mugalzhar_bilim_bolimi
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@bilim_akimat

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар