Мектебімізде балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында мектебіміздің озат, белсенді оқушысы, Ұланбасы Анель Зейнуллова балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі болып сайланды.
А.Зейнулловаға балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі екендігін растайтын куәлік табысталды.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bilim_akimat