27 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай еліміздің ертеңгі тізгінін ұстап өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет

Ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай еліміздің ертеңгі тізгінін ұстап өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз-басшы Утеулин Бекнұр Таңатарұлы өз ісіне берілген жан. Ол ұлттық құндылықтарды іске асырудың өзегі оқушылар мен педагогтар арасындағы ұйымшылдық, ынтымақтастық, өзара құрмет, сенім, қамқорлық, жауапкершілік ахуалын қалыпастыру үшін белсенді жұмыстануда. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде тынбай атқарған жұмысының нәтижесі ретінде 1 қыркүйек – Білім күні ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
Бекнұр Таңатарұлының тынбай атқарған еңбегінің еленгеніне қуаныштымыз! Мектептің дамуы жолында әлі де талай жетістіктерге жететініңізге сенімдіміз.
@mugalzhar_bilim_bolimi
@bilim_basqarmasy_aqtobe

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар