Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларының ерекше күні.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін!
Бүгінгі оқушыларымыздың ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенемін.
Білім күні құтты болсын!
Игі тілекпен, Құмжарған ЖББОМ-нің директоры Бекнұр Таңатарұлы
07 Қырқ 2022
Жаңалықтар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар