22 Қырқ 2022
Жаңалықтар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ. Тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар

Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. 09 қыркүйек күні мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Ойнайық та, ойлайық»  атты тақырыппен  жаңылтпаш пен жұмбақтың тәрбиелік мәнін, сөз құдіретін түсіну  мақсатында ойын сабағы өткізілді. Ойын сабағының соңында жеңімпаздар анықталып, марапаттар табысталды.

Өткізген: А.Боқашева

 

https://www.instagram.com/reel/CicDN2KAOO8/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ.

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ тілі - мақтанышым!» мерекелік  кеш  өтті.

Шара барысында мектеп директоры мен бірлестік жетекшісі құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар көрермен қауымға мерекелік ән шашу сыйлады.

Өткізген: Бастауыш сыныптар бірлестігі.

https://www.instagram.com/p/Cib6xqsgkOp/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес

оқушыларға Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен түсіндірме жұмысы жүргілді. Дара тұлғаның өмір және еңбек жолын әңгімелей отырып, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа кеңінен таратты. Мемлекеттік тілдің өркендеп дамуыны,  туған  халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат болуы  жолында  тілге деген  сүйіспеншілігін дамыту мақсатында  6-7 сынып оқушыларына «Ахмет Байтурсынов и родной язык»  атты тақырыпта тәрбиелік сабақ өтті. Түрлі тапсырмалар орындалып,  сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнтылды.

Өткізген:  Ж. Абилова

https://www.instagram.com/p/Cia1pRDgnOQ/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес

оқушылардың тіл туралы білімін байытып, шығармашылық тапсырмалар арқылы сыни ойлауды дамыту мақсатында «The best of the best» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын барысында әртүрлі тапсырмалар орындалып, шығармашылық шеберліктері  анықталды.

Шара соңында жеңімпаз бен белсенді қатысушыларға марапаттар табысталды.

Өткізген: Ж.Жакиева

https://www.instagram.com/p/Cia1pRDgnOQ/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес  алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғыза отырып, танымдық қабілеттерін,  ақыл-ойын дамыту мақсатында «Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыппен  2 сынып оқушылары диктант  жазды.

Өткізген: К.Кожанова

https://www.instagram.com/p/CiTBv46AHxr/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,  өрнегін сендей ала алмас» деп,  қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған, қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету.  Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып  жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету мақсатында мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес «Сөз мерген»  интеллектуалдық ойыны  9-сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар ой тапқырлығын,  тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата отырып,  олардың мәнін дұрыс ұғынып,  өз ойларын тез, ұтымды жеткізді.  Шара соңында интеллектуалдық ойынның жеңімпаздары анықталды.

Өткізген: К.Мусина

https://www.instagram.com/reel/CiRjbDpIVgG/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес «Тіл-тірегі елімнің» атты тақырыппен жас ақындар мүшайрасы өтті.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби - көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуын дамыта отырып,  атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума - талант, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік «Менін» қалыптастыруды мақсат еткен шарада оқушылардың шығармашылығы 3 кезең бойынша сараланды. Шара қорытындысы бойынша шығармашылығымен көзге түскен үш оқушыға номинациялар берілді.

Өткізген: А.Есбосинова, А.Бисеналина

https://www.instagram.com/reel/CiQUoXEDCdA/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат бере отырып, ақын өмірін оқушыларға үлгі ету мақсатында «Ахмет-ұлы тұлға» атты тақырыпта өнеге сабағы өтті.  Сабақ барысында ақынның өмір жолы таныстырылып, өлеңдері мен мысалдары оқылды.  Quzu қосымшасы арқылы тапсырмалар орындалып, қорытындыланды.

Өткізген:  А.Болтаева, Ә.Тастаева

https://www.instagram.com/reel/CiQIQ3MjI9f/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


5 қыркүйек -Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында “Әділет” дебат клубының мүшелерінің арасында“ Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің тиімді механизмін ұсынады” атты тартысты пікірталас өтті. Дебатқа үкімет тобынан “Тіл жанашырлары”, оппозиция тарапынан “Тіл майталмандары” атты фракциялар қатыса отырып, өздерінің жалынды, жалынды пікірлерін білдірді. Пікірталас барысында екі тарап өз кейсін құрып, қарсылықтар келтіре отырып, өз позицияларын қорғап шығуға тырысты. Мемлекеттік тілге деген патриоттық рухтарын көтеретіндей, көрерменге керемет ой сала білді. Ойынға әділ төрелік етіліп, өз мәресіне жетті.

Өткізген: Советова А.Н

https://www.instagram.com/reel/CiM5lBsg6-V/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ.

Мектепішілік «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» бес күндігінің жоспарына сәйкес «Тіл – әр халықтың байлығы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бастауыш  сынып оқушыларына  Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы түсінік беріліп, кітаптары таныстырылды.

Өткізген: А.Қоғабаева

https://www.instagram.com/p/CiKqIyzoa7a/?igshid=YzA2ZDJiZGQ=

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар