07 Қырқ 2022
Жиындар

«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиыны

САЛТАНАТТЫ   ЖИЫН.

Құмжарған ЖББОМ –де  1 қыркүйек – Білім күніне арналған  салтанатты жиын  өткізілді.

Мектеп директоры  Б.Т.Утеулин  ұстаздар мен ата-аналар, оқушыларды атаулы  мерекемен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына  өз ақтілегін жолдады.

Мерекелік жиынға қадірлі қонақ ретінде

  1. Құмжарған ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы: Нұрмағанбетов Темірхан Түгелбайлы
  2. «Құмжарған» ЖШС-нің директоры Қалмағанбетов Рүстембек Бәйтүгелұлы
  3. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Д.Қ. Төкенова қатысып, өз лебіздерін білдірді.
  4. Зейнеткер ұстаздарымыз.

Жиын барысында  әсем ән айтылып, өлең жолдары жолданды. 1-сынып оқушысы мен 11-сынып оқушылары алғашқы қоңырау соқты.

Жиыннан кейін барлық сыныптар «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыптағы  тәрбие сағатына қатысты.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар